Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
29
ноябрь
2021
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне арналған мектеп  оқушыларының  Ұлттық пікірсайыс турниріне Қазақстанның барлық өңірінен 17 команда қатысты. Жамбыл облысының намысын Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің оқушылары Аққос Айғаным мен Әбутәліп Аружан қатысты.  Үздік ойын көрсеткені үшін Әбутәліп Аружан "Үздік оратор" номинациясымен марапатталса, жетекшілері Тұрсыналы Дулат арнайы  алғыс хатпен марапатталды .
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
25
ноябрь
2021
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
Бастауыш  сынып оқушылары арасында "Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.  Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқушылар арасында мәнерлеп оқуға баулу, дәріптеу .
Ермахан Ер-Әліні құттықтаймыз!
10
ноябрь
2021
Ермахан Ер-Әліні құттықтаймыз!
" Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" КММ-ның жастар ресурстық орталығы тапсырмасы бойынша "Тәжірибелі психология" Республикалық қоғамдық бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырған "Мен патриотпын" атты патриоттық әндер байқауында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ермахан Ер-Әлі Нұрланұлы жүлделі ІІ орынмен, мектеп психологы Абиева Райхан алғыс хатпен марапатталды .
Олимпиада
09
ноябрь
2021
Олимпиада
4-5  қараша күндері Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде, 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ІІ аудандық кезеңіне комиссия шешімінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар жолдама алды .
Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары бас жүлдені иеленді
03
ноябрь
2021
Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары
Нұр-Сұлтан  қаласында "Алаш өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша өнер көрсеткен "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары бас жүлдені иеленді .
Жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
21
октябрь
2021
Жобалар байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Жалпы  білім беретін пәндер бойынша өткізілген ғылыми жобалар конкурсына қатысқан мектебіміздің дарынды оқушылары  Исматова Ферая-ІІ дәрежелі, топтық жұмыста Ибрагимова Асылназ,Әблек Айдана-ІІ дәрежелі, Сарымамед оглы Казим-ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз !!!
"Талап" фракциясы чемпион
09
октябрь
2021
"Талап" фракциясы чемпион
Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған облыстық пікірсайыс турнирінде Намазбай   Ақшабаев  Орта   Мектебі "Талап" фракциясы чемпион. Чемпиондық құтты болсын. 26.11-29.11 Нұр Сұлтан қаласында өтетін Республикалық пікірсайыс турниріне жолдама алдық .
Құттықтаймыз!
23
сентябрь
2021
Құттықтаймыз!
Намазбай  Ақшабаев атындағы орта мектебінің 6"А" сынып оқушысы Бүркітбай Муслим 18-19 қыркүйек күндері аралығында 10-11 жас аралығында Мәскеу қаласында өткізілген Каратэ-до дан жүлделі 1 орынды иеленіп қайтты. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !
Спорт жеңімпаздарымен кездесу өткізілді.
06
февраль
2020
Спорт жеңімпаздарымен кездесу өткізілді.
Отанымыздың намысын түрлі деңгейде абыроймен қорғап жүрген оқушыларды насихаттау, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, спорттық ойындарға деген қызығушылығын ояту мақсатында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде облыстық, республикалық, әлемдік деңгейдегі спорт ойындарының жеңімпаздарымен кездесу өткізілді: 1. Литва. Вильнус қаласы (қол күрестен) – І орын иегерлері Кеңес Батырхан, Бешли – оглы Юсуп, Бешли – оглы Хусейн. 2. Бішкек. Каратэ – Айнабекова Ақбала – І орын,
"Парасаттылық елшісі" төсбелгісімен марапатталды.
17
январь
2020
"Парасаттылық елшісі" төсбелгісімен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» ұйымдастыруымен өткізілген  облыстық пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанған  Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің «Жас Талап» үйірмесінің қатысушылары Абдулхад Мәриям мен Әбутәліп Аружан бірінші орын иеленіп, «Парасаттылық елшісі» номинациясының иегері атанды. «Парасаттылық елшісі» төсбелгісін Жамбыл облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің директорының  орынбасары Б.Тәжібаев және