17
январь
2020
"Парасаттылық елшісі" төсбелгісімен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» ұйымдастыруымен өткізілген облыстық пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанған Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің «Жас Талап» үйірмесінің қатысушылары Абдулхад Мәриям мен Әбутәліп Аружан бірінші орын иеленіп, «Парасаттылық елшісі» номинациясының иегері атанды. «Парасаттылық елшісі» төсбелгісін Жамбыл облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің директорының орынбасары Б.Тәжібаев және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Р.Тулебаев салтанатты түрде табыстады.


