06
январь
2025
“Жақсы кітап - жан азығы” тақырыбында отбасы мүшелерімен фотобайқау өткізілді.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, “Балалар кітапханасы” бағдарламасы және “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру аясында, оқушылар қысқы демалыс кезін бос өткізбей, тиімді пайдалану мақсатында “Жақсы кітап - жан азығы” тақырыбында отбасы мүшелерімен фотобайқау өткізілді.
Мақсаты: Баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптың алатын орны ерекше екенін түсіндіру, ата-анамен бала арасындағы кітап жайлы көзқарастарын қалыптастыру, кітапты таңдай білу, оны оқып жүрегіңе жеткізе білуге үйрету, рухани мәдениетін көтеру, кітапты көп оқу арқылы сөздік қорларын дамыту.
“Артық білім кітапта,
Ерінбе оқып көруге”, -деп ұлы ақын Абай Құнанбаев жырлағандай ерінбей кітап оқуға, білім алуға асығайық!


