Баяндама » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2023

Баяндама

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылы 

Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп 

Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары 

Маткулова Багила Турсыналиевна 

БАЯНДАМА «ЖАҢА ПЕДОГОГИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕҢГЕЙІН 

АРТТЫРУ» 

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. 

  XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономи­каны дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. 

Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар тиімді қолдануға тиістіміз. Сол себепті өз білімімді сіздермен бөліскім келді. 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің ба­сты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жал­пы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің ал­дына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. 

Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру бо­лып табылады. 

Ойын технологиясы. 

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. 

Проблемалық оқыту технологиясы. 

Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері да­мып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. 

Коммуникативтік байланыс технологиясы. 

Коммуникативтік байланыс технологиясы – шеттілдер мен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді: 

Қызығушылығын коммуникативтік тұрғыдан арт­тыру, коммуникативтік мотивация; 

Дұрыс бағытта сөйлеу; 

Өзара қатынастың қалыптасуы; 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мына­дай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциа­ция, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. 

Технология енгізу қорытындысы: 

– оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы; 

– оқушының өзбетімен білім алуына мүмкіндік береді; 

– сыныпта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады. 

Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар 

Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту (С.Н. Лы­сенкова). 

Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді: 

– алдын ала; 

– жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану; 

– оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту. 

Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді. 

Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сы­ныпты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық- психологиялық және ұйымдастыру-басқару шарала­ры біріктіріледі. 

Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады: 

– мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді; 

– оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. 

Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді. 

Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ) 

ОҰӘ – оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. 

ОҰӘ принциптері: 

– жоғары жетістікке талпыну; 

– алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу; 

– оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық; 

– әртүрлі деңгейлік; 

– тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі; 

Топтық технология. 

Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі- бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді. 

Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. 

Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді. 

Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технология 

«Мәдени диалог» 

Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің негізгі түрлерінің тарихи бір ізділігі; 

Оқу негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі диалогқа негізделіп құрылады. 

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) 

Әдістемелік құрылымның элементі негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде «математикалық жаттығу» ұғымы алынған. 

ДБІ технологиясының ашушы элементі – жаттығу – триада элементтері сабақтардың бірінде қаралады: 

– қазіргі тапсырма; 

– кімге арналғандығы; 

– жинақтау; 

Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру. 

Ойлау қызметін этаптар бойынша қалыптастыру, мақстаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауынқажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық этаптарында бақылап отыру – технологияның ең маңызды компоненттерінің бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады. 

Жеке пәндік педагогикалық технологиялар 

Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту техно­логиясы. 

Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты активтендіре отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ой­лауына негізделген. 

Жалпы оқу шеберлігі – бастауыш мектепте жетілдіретін технология. 

Технологияның мақсаттық бағыты: 

– бірінші сынып оқушыларның сөйлеу тілін дамытуға даярлау; 

– екінші, үшінші сыныптарда ең тиімді оқытуға жету (минутына 120 сөз). 

– үшінші сыныпта тез жазуды арттыру (минутына 60 әріп); 

– орфографиялық сауаттылықты арттыру;

– қайталап айтуға үйрету;

– білім іскерлік және дағдыны терең меңгеру; 

Эффектілі сабақтар системасына негізделген тех­нология. 

Мақсаттық бағыттары: 

– стандартты білім, шеберлік дағдыны меңгеру; 

– ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру; 

– қабілетті балаларды дамыту; 

Альтернативті технологиялар. Вольдорф педаго­гикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әртүрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен партнерлікке жекеліктің өзбетінше дамуы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін. 

Табиғи белсенділі ктехнологиялары. 

Сауаттылыққа табиғи белсенділікпен тәрбиелеу. 

Мақсаттық бағыты: 

– сауатты оқырманды тәрбиелеу; 

– келесі білім алуда кеңірек пайдалану үшін психоинтеллектік базаны құру; 

– шығармашылық ойлауын дамыту – оқу кезінде біруақытта оқылып отырған шығармадағы оқиғалар мен кеңістік әлемін көре білу қабілеті; 

– дауыстап оқу мен іштей оқу арасындаға айырмашылықта айыра білу; 

Технология текстен белгілі сөздерді бүтіндей кейіпкерлерді тану процесі ретінде қарап оқуды да­мытуды қалыптастыруға көмектеседі. 

Өзіндік дамыту технологиясы ( М.Монтессори). 

Мақсаттық бағыты: 

– жан- жақты дамыту; 

– жекелікті тәрбиелеу; 

– бала санасында ойлау қызметі мен пәндер элементін біріктіру. 

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ мо­торлар, есті дамыту. 

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді. 

Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа де­ген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапа­сы көтерілуде.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. 

Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан- жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: “Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет” деген болатын. Мек­теп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. 


Пайдаланылған әдебиеттер: 

Торманов Н.Т., Аблайханова Н.Т. «Биологияны оқытудың инновациялық әдістемесі», Алматы, Қазақ университеті, 2013ж. 

Есмұқан М.Е. «Студенттердің танысдық ізденімпаздығын қалыптастыру», Алматы, 2004ж. 

Сабыров Т.С. «Оқыту теориясының негіздері», Алматы, 2000ж. 

Коменский Я.А. «Ұлы дидактика», М., 1955ж. 

Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы, 1992ж.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив