Баяндама
Жалпы білім беретін ұйым жағдайында білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау
Жамбыл облысы, Байзақ аудны,
Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің
директоры Сейдалиева А.Р.
Еліміздің іргетасын қалаушы азаматтар бүгінгі өскелең жас ұрпақ екені баршамызға белгілі. Сондықтан олардың денсаулығы, білімі мен тәрбиелілігі әрдайым күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Халық даналығы «адам ұрпағымен мың жасайды» деп әрқашан өсіп келе жатқан кішкентай азаматтардың дұрыс дамуына, қатарынан кем қалмай, дұрыс қалыптасуына ерекше мән берген. Ата- бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне қатысты көзқарасын қастерлеп,оны әрдайым жадында ұстап, игі істердің бастауында қағида ретінде басшылыққа алып отыратын еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқысыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Бала тәрбиелеу болашаққа ең үлкен инвестиция. Бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын. Әсіресе, елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау үшін жауапкершілікті ең алдымен мемлекетіміз алды. Елімізде әлеуметтік институттар құрылып, ерекше қажеттілікке ие адам мен әдеттегі адамды қоғамда тең әлеуметтік дәрежеде қабылдауы мақсатында жұмыстардың жүргізілуі, еліміздің әр аймағында құрылып, жұмыс жүргізіп жатқан балаларды оңалту орталықтарының құрылуы осының айғағы.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру, демократияландыру үрдістері ең алдымен білім мазмұнын жаңартуды қажет етіп отыр. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін қамтамасыз ету» көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзету қолдау технологиялары жетілдірілуде. Ол –балалардың жасына, жынысына, ұлтына және дініне қарамастан арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға, барлық балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық қосуға бағытталған. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы
Инклюзивті білім берудің негізіне баланы кез келген дискриминациядан құтқаратын, барлық адамға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білімділік қажеттілікті талап ететін балаларға арнайы жағдай жасайтын идеология салынған.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн.
Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшілігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педогогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар біздің мектептпе арнайы сыныптар бойынша білім алуда. Олардың жас ерекшеліктеріне сай сыныптарға біріктіріліп оқытылып отыр. Оларға тәжірибесі мол ұстаздар білім берсе, арнайы мамандар түзету жұмыстарын уақтылы жүргізіп отырады. Нәтижелі жұмыстардың арқасында кейбір балалар 3-4 жылда өздерінің сыныптарына ПМПК-ның тексеру қорытындысы бойынша жалпы сыныптарға көшіріліп отырады.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Кемтар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК –ның қорытыңдысы бойынша көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті.
Баланы өмір сүруге құштар етіп тәрбие беру әрбір ата – анамен педагог қызметкерлерінің міндеті. Ол үшін біздер, біріншіден, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына күш қуат беріп, қолдау көрсетуіміз қажет. Себебі, ата-ананың армандап күткен балалары ойларындағыдай болмаған соң ата – анаға қайғы мен мазасыздық жағдайына әкеледі. Мұндай ата –аналардың бойында үрей пайда болып, балаларын балалар үйіне өткізіп жатқаны қаншама. Сондықтан қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру бағдарламасы енгізілуде. Осы бағдарлама барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың бойынан табиғи талантын ашу үшін біздер ата – аналарға қолдау көрсетуіміз керек. Ол үшін мектепте ата – аналар мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өмірге деген қызығушылық, құштарлықтарын оятатын арнайы жұмыстар жүргізіп, мемлекет сол мекемелерге қолдау көрсетіп, оларға өз өзіне сенімділік ұялата білсі баласының өмірге деген жаңаша көз қарасы пайда болар еді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде баланың бойында жасырын жақан табиғи таланты ашылар еді. Ал, ол үшін педагогтар қауымы дер кезінде жұмыс жасап ата-ана, мұғалім, мүмкіндігі шектеулі оқушы арасында үштік одағын құрғанымыз жөн деп санаймын.
Бұл білім жүйесінің елімізде алып жатқан мәні үлкен. Себебі біз, инкюзивті білім беру бағдарламасын енгізе отырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен бірге дамуына, өзінің мүмкіндіктерін пайдалануға қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сонымен қатар заман талабына сәйкес және саяси экономикалық жағдайларының алға басуымен білім және жаңа технологияларының дамуына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамның бірдей мүшесі ретінде қабылау маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дайындықтағы мәселелерді шешуде Саламан Декларациясындағы негізгі үш міндеттерді басшылыққа алған жөн. Ол қандай міндеттер?
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
Пайдаланылған әдебиеттер
- «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж
- А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж
- Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
- Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік педагог .№4 2010ж