Әдістемелік жұмыстар » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік жұмыстар
«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ұлтын сүйген ұлы тұлға» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
15
январь
2025
«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ұлтын сүйген ұлы тұлға» тақырыбында
15 қаңтар күні тарих пәні мұғалімі Қ.А.Мырзаходжаева  8 ә сыныбымен  «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ұлтын сүйген ұлы тұлға» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға  Д.А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлға Қонаевтың ерліктері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Информатика пәнінен аудандық семинар-практикум өткізілді.
13
декабрь
2024
Информатика пәнінен аудандық семинар-практикум өткізілді.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде  мақсатты мектеп аясында "Информатика пәні бойынша жасанды интеллектінің даму мүмкіндіктері мен қауіптері" тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.  Мақсаты: Сабақта қолданылатын платформалар арқылы жасанды интеллектінің қолдану аясын дамыту.
Биология пәнінен аудандық семинар - практикум өткізілді.
25
ноябрь
2024
Биология пәнінен аудандық семинар - практикум өткізілді.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде мақсатты мектеп аясында "Жасанды интеллекті:оқытуды дамыту мүмкіндіктері" тақырыбында аудандық семинар-практикум өтілді. Мақсаты: Жасанды интеллектінің  (ЖИ) білім беру саласына,оқушылардың даму процесіне ықпалы мен мүмкіндіктерін талқылау.
Баяндама
10
январь
2023
Баяндама
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылы  Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп  Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  Маткулова Багила Турсыналиевна  БАЯНДАМА «ЖАҢА ПЕДОГОГИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕҢГЕЙІН  АРТТЫРУ»  Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,
"Критериалды бағалау" тақырыбында коучинг өткізілді
18
ноябрь
2022
"Критериалды бағалау" тақырыбында коучинг өткізілді
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде өзара әрекеттестік белсенділігін арттыру барысында тұлғалық нәтижеге жеткізу арқылы шынайы бағалауды негізге алу, бағалау құралдарын құрастыру мен қолдану бойынша мұғалімдердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, өз тәжірибелеріне енгізе отырып, бағалауда оқушыны емес, оның жұмысын бағалау және бағалауда кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру мақсатында "Критериалды бағалау" тақырыбында коучинг өткізілді.
Бастауыш сыныптар бірлесітігінің айлығы ашылды.
15
ноябрь
2022
Бастауыш сыныптар бірлесітігінің айлығы ашылды.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде "Сапалы білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" тақырыбында бастауыш сыныптар бірлестігінің айлығы ашылды. Іс-шарада даярлық, 1-4 сынып оқушылары өнер көрсетіп, айлық барысында бастауыш сыныптарда өткізілетін іс-шаралар жоспары таныстырылды.
"Сабақты тиімді жоспарлаудың білім сапасына әсері" тақырында коучинг өткізілді.
04
ноябрь
2022
"Сабақты тиімді жоспарлаудың білім сапасына әсері" тақырында коучинг
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Д. Кубееваның ұйымдастыруымен мұғалімдермен "Сабақты тиімді жоспарлаудың білім сапасына әсері" тақырында коучинг өткізілді. Әріптестер бірлесе ҚМЖ құрастырып, оны қалай тиімді жоспарлаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.  
LS топтарының зерттеу сабақтарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті
04
ноябрь
2022
LS топтарының зерттеу сабақтарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті
Бастауыш 1-4 сыныптардың мұғалімдерінен құрылған LS топтарының зерттеу сабақтарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Әріптестер бірлесе жоспар құрудың, жалпы зерттеу сабақтарының қаншалықты маңызды екенін түсінді. Зерттеу сабақтарын жоғары дәрежеде өткізуге атсалысып, бірін-бірі қолдай білген әріптестеріме алғысым шексіз. Шығармашылық толағай табыстар тілей отырып, зерттеу сабақтарының келесі кезеңін жақсы өткізуге сәттілік тілеймін 
"Жалпыадамзаттық құндылықтар -отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында  ұжымдық дәріс
22
ноябрь
2021
"Жалпыадамзаттық құндылықтар -отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында
Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Дабылбекова Шолпанай "Жалпыадамзаттық құндылықтар -отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында  ұжымдық дәріс өткізді.  
"Тәжірибе алмасу алаңы" тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді
12
ноябрь
2021
"Тәжірибе алмасу алаңы" тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді
12  қараша күні Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде "Тәжірибе алмасу алаңы" тақырыбында семинар  ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға серіктес Ы.Алтынсарин, Қостөбе, Н.Гоголь, Бурыл орта мектептері мұғалімдері қатысты.  Семинардың мақсаты математика, қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып пән мұғалімдерінің кәсіби  құзіреттіліктерін арттыру,  іс-тәжірибе алмасу.