Оқушыларға » Страница 6 » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік Ұланбасы" байқауы
31
январь
2019
"Үздік Ұланбасы" байқауы
Аудандық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Үздік Ұланбасы - 2019» атты жасұландық ұланбасылар арасында өткізілген жарыста Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Таймас Айбек І орынды иеленді. 
"Жақсы істер жасауға асығыңыз!" акциясы
28
январь
2019
"Жақсы істер жасауға асығыңыз!" акциясы
Ардагерлерге  әлеуметтік және рухани көмек көрсету, оқушыларды қайырымдылыққа, отансүйгіштікке шақыру мақсатында Намазбай Ақшабаев орта мектебінде  «Қазақстан – мейірімділік мекені»  Республикалық балалар бастамасы жобасы аясында  «Жақсы істер жасауға асығыңыз!»  тақырыбында қарттарға көмек көрсету акциясы өткізілді. 
Ұлдар жиналысы
28
январь
2019
Ұлдар жиналысы
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Арымбаеваның және "Бозбала" ұлдар клубының жетекшісі Тұрсыналы Дулаттың ұйымдастырумен  "Жаман әдеттен аулақ болайық!"  тақырыбында 7-8 сыныптар арасында ұлдар  жиналысы өткізілді.
"Құс жолы" өнер байқауы
19
декабрь
2018
"Құс жолы" өнер байқауы
17-18 желтоқсан күндері Тараз қаласында өткізілген Республикалық  "Құс жолы"  балалар өнер байқауында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі домбырашылары бас жүлде иегері атанды.   
"Жаңа ғасыр таланттары"
19
декабрь
2018
"Жаңа ғасыр таланттары"
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі базасында дарынды жастарға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында  "Жаңа ғасыр таланттары"  Республикалық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің талантты оқушылары жүлделі орындарға ие болды: Ермахан Ер-әлі (бас жүлде), Насирова Айдана (І орын), Абдрахман Аягөз (І орын), Алғазы Нұрберген (ІІ орын), Сырлыбай Сымбат (бас жүлде), Гафуров Рамазан (І орын).
"IQanat" олимпиадасы
07
декабрь
2018
"IQanat" олимпиадасы
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебі базасында 2018 жылдың 4 желтоқсаны күні оқушылардың қабілеттерін анықтау, зияткерлік бастамаларын жандандыру және шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына түсу гранттарының иегері атануына қолдау көрсету мақсатында Байзақ ауданы мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында "IQanat" олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға аудан мектептерінен 232 оқушы қатысты. 
Қыздар жиналысы
29
ноябрь
2018
Қыздар жиналысы
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 28 қарашасы күні  "Қыз өссе елдің көркі"  тақырыбында 8-11 сынып қыздары аралығында қыздар жиналысы өткізілді. 
Мамандық әлемі
27
ноябрь
2018
Мамандық әлемі
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. Осы орайда, мектебіміздің 9 сынып оқушылары  "Тараз сервис және технология"  колледжіне барып қайтты. Колледжде оқушыларға оқытылатын мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Спорт жеңімпазы
11
ноябрь
2018
Спорт жеңімпазы
Щучинск қаласында Грек-рим күресінен кіші жасөспірімдер арасында өткізілген Қазақстан Республикасының чемпионатында  мектебіміздің 9а сынып оқушысы Баянбердиев Сұлтанәлі ІІІ орын жүлдегері атанды.    
"Талап" дебат клубы
29
октябрь
2018
"Талап" дебат клубы
Жамбыл ауданы әкімдігі "Жастар ресурстық" орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданында облыстық пікірсайыс турнирі болып өтті. Турнир нәтижесінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Нұрмахан Береке мен Абдулхад Мариям І орынды иеленсе, Қани Алдияр "Үздік ойыншы" атанды.