Оқушыларға » Страница 2 » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ақымақ қасқыр" ертегісі
11
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ақымақ қасқыр" ертегісі
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне» саяхат тақырыбында түрлі ертегілер оқыды. Мақсаты: Оқушыларға ертегі туралы түсінік беру, ертегі кейіпкерлерінің жағымды – жағымсыз қасиеттерін көре білуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу ертегі арқылы жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. Жоба бойынша 2 «А» сынып оқушыларымен «Ақымақ қасқыр» ертегісін оқып,ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді және де оқушылар өздерінің
«Мен сенемін жастарға» атты республикалық форумға оқушыларымыз қатысып қайтты
07
ноябрь
2022
«Мен сенемін жастарға» атты республикалық форумға оқушыларымыз
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауына орай оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушылардың арасында байланыс орнату мақсатында өткізілген «Мен сенемін жастарға» атты республикалық форумға қатысқан 10 б сынып оқушысы Ермахан Ер-Әлі және 3 ә сынып оқушысы Марат Сабина І дәрежелі дипломмен марапатталды.  
«Көркемсөз» жанры бойынша қатысқан 3 ә сынып оқушысы Тұрсынхан Айзере І дәрежелі дипломмен марапатталды.
07
ноябрь
2022
«Көркемсөз» жанры бойынша қатысқан 3 ә сынып оқушысы Тұрсынхан Айзере
Астана қаласында өткізілген Халықаралық балалар және ересектер арасындағы шығармашылық, көпжанрлы «JasStar»  конкурс-фестивалінде «Көркемсөз» жанры бойынша қатысқан 3 ә сынып оқушысы Тұрсынхан Айзере І дәрежелі дипломмен марапатталды.  
«Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді
07
ноябрь
2022
«Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді
Түркістан қаласында өткен бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған, ІІ Халықаралық «Шабыт шыңы» өнер фестивалінің «Аспапта орындаушылық» жанры бойынша қатысқан «Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді.  
"Шахристан" этно-кешеніне, Айша бибі, Тектұрмас кесенелеріне саяхаттап қайтты
02
ноябрь
2022
"Шахристан" этно-кешеніне, Айша бибі, Тектұрмас кесенелеріне
Күзгі каникул күндері оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында,1 қараша күні 7-8 сынып оқушылары Тараз қаласының киелі орындарының бірі "Шахристан" этно-кешеніне, Айша бибі, Тектұрмас кесенелеріне саяхаттап қайтты. Оқушылар музей үйін аралап көріп, өткен тарихымыз туралы толық мағлұмат алды. Екі мың жылдан аса тарихы бар Тараз топырағынан табылған қазба байлықтары көне дәуірімізден сыр шертіп, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын ұғындыруға себепкер болды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жеңіс құтты болсын!
28
октябрь
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жеңіс құтты болсын!
16-18 қазанда Түркияның Анталья қаласында өткен қол күресінен әлем чемпионаты өтті. Чемпионатта  Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 10  сынып оқушысы Бешли-оглы Заурбек чемпион атанды. Әлем чемпионатына 54 елдің үздік спортшылары қатысып, Заурбектің  еңбегі ақталып, чемпион болды. Ендігі кезекте Заурбекке  ересектер арасындағы жарыстарда сәттілік серік болып, алдағы уақытта сол жарыстарда үздік нәтиже көрсетуіне тілектеспіз. 
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
29
ноябрь
2021
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне арналған мектеп  оқушыларының  Ұлттық пікірсайыс турниріне Қазақстанның барлық өңірінен 17 команда қатысты. Жамбыл облысының намысын Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің оқушылары Аққос Айғаным мен Әбутәліп Аружан қатысты.  Үздік ойын көрсеткені үшін Әбутәліп Аружан "Үздік оратор" номинациясымен марапатталса, жетекшілері Тұрсыналы Дулат арнайы  алғыс хатпен марапатталды .
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
25
ноябрь
2021
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
Бастауыш  сынып оқушылары арасында "Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.  Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқушылар арасында мәнерлеп оқуға баулу, дәріптеу .
Ермахан Ер-Әліні құттықтаймыз!
10
ноябрь
2021
Ермахан Ер-Әліні құттықтаймыз!
" Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" КММ-ның жастар ресурстық орталығы тапсырмасы бойынша "Тәжірибелі психология" Республикалық қоғамдық бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырған "Мен патриотпын" атты патриоттық әндер байқауында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ермахан Ер-Әлі Нұрланұлы жүлделі ІІ орынмен, мектеп психологы Абиева Райхан алғыс хатпен марапатталды .
Олимпиада
09
ноябрь
2021
Олимпиада
4-5  қараша күндері Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде, 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың ІІ аудандық кезеңіне комиссия шешімінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар жолдама алды .