Жетістіктеріміз » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
«Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді
07
ноябрь
2022
«Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді
Түркістан қаласында өткен бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған, ІІ Халықаралық «Шабыт шыңы» өнер фестивалінің «Аспапта орындаушылық» жанры бойынша қатысқан «Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді.  
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
29
ноябрь
2021
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне арналған мектеп  оқушыларының  Ұлттық пікірсайыс турниріне Қазақстанның барлық өңірінен 17 команда қатысты. Жамбыл облысының намысын Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің оқушылары Аққос Айғаным мен Әбутәліп Аружан қатысты.  Үздік ойын көрсеткені үшін Әбутәліп Аружан "Үздік оратор" номинациясымен марапатталса, жетекшілері Тұрсыналы Дулат арнайы  алғыс хатпен марапатталды .
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
25
ноябрь
2021
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
Бастауыш  сынып оқушылары арасында "Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.  Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқушылар арасында мәнерлеп оқуға баулу, дәріптеу .
Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары бас жүлдені иеленді
03
ноябрь
2021
Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары
Нұр-Сұлтан  қаласында "Алаш өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша өнер көрсеткен "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары бас жүлдені иеленді .
"Талап" фракциясы чемпион
09
октябрь
2021
"Талап" фракциясы чемпион
Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған облыстық пікірсайыс турнирінде Намазбай   Ақшабаев  Орта   Мектебі "Талап" фракциясы чемпион. Чемпиондық құтты болсын. 26.11-29.11 Нұр Сұлтан қаласында өтетін Республикалық пікірсайыс турниріне жолдама алдық .
Құттықтаймыз!
23
сентябрь
2021
Құттықтаймыз!
Намазбай  Ақшабаев атындағы орта мектебінің 6"А" сынып оқушысы Бүркітбай Муслим 18-19 қыркүйек күндері аралығында 10-11 жас аралығында Мәскеу қаласында өткізілген Каратэ-до дан жүлделі 1 орынды иеленіп қайтты. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !
" Жеңіс рухы!" атты патриоттық əндер байқауы
05
май
2020
" Жеңіс рухы!" атты патриоттық əндер байқауы
Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген " Жеңіс рухы!" атты патриоттық əндер байқауына Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Ермахан Ер-Əлі қатысып, І орынды иеленді. Құтты болсын!  
Құттықтаймыз!
04
май
2020
Құттықтаймыз!
Байзақ ауданы əкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Мен бақытты баламын!" қашықтық байқауында "Үздік драматургия" номинициясы бойынша 4а сынып оқушысы Бүркітбай Мүсілім І орынды, "Үздік бейнеролик" номинациясы бойынша 1а сынып оқушысы Жұмахан Қарақат ІІ орынды иеленді. Жеңістерің құтты болсын!  
"Тілдарын"  республикалық олимпиадасы
06
ноябрь
2019
"Тілдарын" республикалық олимпиадасы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІ. «Тілдарын» республикалық олимпиадасына қатысқан Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Сарымамудова Зайде Руслановна  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды .