Біз туралы » Страница 2 » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді
07
ноябрь
2022
«Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді
Түркістан қаласында өткен бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған, ІІ Халықаралық «Шабыт шыңы» өнер фестивалінің «Аспапта орындаушылық» жанры бойынша қатысқан «Жұлдызды ауыл» атты домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді.  
"Сабақты тиімді жоспарлаудың білім сапасына әсері" тақырында коучинг өткізілді.
04
ноябрь
2022
"Сабақты тиімді жоспарлаудың білім сапасына әсері" тақырында коучинг
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М. Д. Кубееваның ұйымдастыруымен мұғалімдермен "Сабақты тиімді жоспарлаудың білім сапасына әсері" тақырында коучинг өткізілді. Әріптестер бірлесе ҚМЖ құрастырып, оны қалай тиімді жоспарлаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.  
LS топтарының зерттеу сабақтарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті
04
ноябрь
2022
LS топтарының зерттеу сабақтарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті
Бастауыш 1-4 сыныптардың мұғалімдерінен құрылған LS топтарының зерттеу сабақтарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Әріптестер бірлесе жоспар құрудың, жалпы зерттеу сабақтарының қаншалықты маңызды екенін түсінді. Зерттеу сабақтарын жоғары дәрежеде өткізуге атсалысып, бірін-бірі қолдай білген әріптестеріме алғысым шексіз. Шығармашылық толағай табыстар тілей отырып, зерттеу сабақтарының келесі кезеңін жақсы өткізуге сәттілік тілеймін 
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
29
ноябрь
2021
"Үздік оратор" номинациясымен марапатталды
Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне арналған мектеп  оқушыларының  Ұлттық пікірсайыс турниріне Қазақстанның барлық өңірінен 17 команда қатысты. Жамбыл облысының намысын Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің оқушылары Аққос Айғаным мен Әбутәліп Аружан қатысты.  Үздік ойын көрсеткені үшін Әбутәліп Аружан "Үздік оратор" номинациясымен марапатталса, жетекшілері Тұрсыналы Дулат арнайы  алғыс хатпен марапатталды .
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
25
ноябрь
2021
"Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
Бастауыш  сынып оқушылары арасында "Ғылым таппай мақтанба" тақырыбында Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.  Мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқушылар арасында мәнерлеп оқуға баулу, дәріптеу .
"Жалпыадамзаттық құндылықтар -отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында  ұжымдық дәріс
22
ноябрь
2021
"Жалпыадамзаттық құндылықтар -отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында
Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Дабылбекова Шолпанай "Жалпыадамзаттық құндылықтар -отбасы тәрбиесінің негізі" тақырыбында  ұжымдық дәріс өткізді.  
"Тәжірибе алмасу алаңы" тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді
12
ноябрь
2021
"Тәжірибе алмасу алаңы" тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді
12  қараша күні Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде "Тәжірибе алмасу алаңы" тақырыбында семинар  ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға серіктес Ы.Алтынсарин, Қостөбе, Н.Гоголь, Бурыл орта мектептері мұғалімдері қатысты.  Семинардың мақсаты математика, қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып пән мұғалімдерінің кәсіби  құзіреттіліктерін арттыру,  іс-тәжірибе алмасу. 
"Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын   құрастыру жолдары" атты коучингі өткізілді
11
ноябрь
2021
"Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру жолдары" атты коучингі
Намазбай  Ақшабаев атындағы орта мектебінде Тәуелсіздікдің 30 жылдығына орай бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің "Интербелсенді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру" тақырыбындағы айлық жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері Р.Толымбекова мен Г.Абдихожаеваның ұйымдастыруымен 10 қараша күні "Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын  құрастыру жолдары" атты коучингі өткізілді. Коучингке мектеп мұғалімдері қатысты .
Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары бас жүлдені иеленді
03
ноябрь
2021
Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары
Нұр-Сұлтан  қаласында "Алаш өнер орталығының" ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық "ALASH STAR" өнер байқауында "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша өнер көрсеткен "Қызыл Жұлдыз" домбырашылары бас жүлдені иеленді .
"Талап" фракциясы чемпион
09
октябрь
2021
"Талап" фракциясы чемпион
Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған облыстық пікірсайыс турнирінде Намазбай   Ақшабаев  Орта   Мектебі "Талап" фракциясы чемпион. Чемпиондық құтты болсын. 26.11-29.11 Нұр Сұлтан қаласында өтетін Республикалық пікірсайыс турниріне жолдама алдық .