Мектеп тарихы » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
июнь
2017

Мектеп тарихы

«Красная звезда» колхозының тұрған орны бұрын Әулие ата уезі, №16 Қостөбе ауылы деп аталған. Фахрутдинов Низаметдин деген кісінің ұйымдастыруымен 1912 жылы ең алғаш сауат ашу мектебі ашылды да, Фахрутдинов Низаметдин мұғалімдік қызмет атқарған. Бұл мектепте 12 бала оқыды. Мектепте дін сабақтары оқытылмады. Мектеп сауат ашу, есеп үйрету, дүние тану мектебі болды. Ол уақытта кедейлердің балаларына, әсіресе қыз балаларға оқу өте қиын болды. Бұл қиындыққа қарамастан Фахрутдинов Низаметдин кедейлердің балаларын, әсіресе қыз балаларын оқуға тартып, мектеп үйі болмағандықтан өз үйінің бір бөлмесін класс етіп, сонда оқытты.

Бұл мектепте оқыған балалар бір жылда хат танып, сауатын аша бастады. Дін мектептерінде оқып жүрген балалар мектептерін тастап, осы мектепке келіп оқи бастады. Сондықтан балалар саны жыл сайын арта түсті. Ол кезде қағаз, қарындаш болмады. Балалар қара тақтаға грифель (жазатын тас қарындаш) қарындашымен жазатын.

1917 жылы Октябрь социалистік революциясы жеңіп, қазақ халқына Октябрь таңы атты. Бұл мектеп Октябрь нұрына бөлене түсті. Осы уақыттан бастап балалар саны арта түсті. Осы кезде балаларды біліміне қарай екі группаға (топқа) бөлінді. Балаларды Жүнісов Әбдіраман, Календаров Барат деген кісілердің үйлерінің бір-бір бөлмелеріне оқытты. Бұл жылдары Фахрутдинов Омар екінші мұғалім болып қызмет атқарды.

1919 жылы Ташкент қаласындағы бір жылдық мұғалімдер курсына Н.Фахрутдинов өзі оқытқан бірнеше оқушыларды жіберді. Солардың ішінде Нұрбаева Мыңғой Ташкентте бір жыл оқып келген соң, өзі оқыған мектебіне 1920 жылы 1 қыркүйекте оқытушы болды. Бұл кісі де Жүнісов Әбдіраманның үйіндегі класта оқытушы болып істеді. Сол уақыттарда ФахрутдиноваХусна, Фахрутдинова Әсималар оқытушы болып жұмыс істеді. 

1922-25 жылдары Фахрутдинов Низаметдин халықтан қаржы жинап, 12 бөлмелі жобалы мектеп үйін салдырды. Балалар осы мектепте оқыды. 

1932 жылы мектеп жанынан балалар үйі ұйымдастырылды. 

1935 жылы халықтың тұрмысы жақсарды. Сондықтан балалар үйі жабылды. Мектеп бастауыш мектеп болды.

1938 жылы салынған мектеп үйі өртеніп кетті. Нұрбаева Мыңғой балаларды өз үйінде оқытты.

1946 жылы мектепте директор болып Торғаев Сейсенқұл деген кісі жұмыс істеді. 

1947 жылы мектеп директоры болып ТелібаевКөжен, ал мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып Төлеген Хасенов жұмыс істеді. Бұл кезде мектеп жанынан үш бөлмелі класс салынды. 

1948 жылы мектепке директор болып Байбатшаев Ғизат ауыстырылды. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып Қонақбаев жұмыс істеді. Бұл кісілердің кезінде мектеп жанынан спорт залы салынды. 

1953 жылы мектеп директоры болып Сейдалиев Рашбай жұмыс істеді, Осы жылы мектептің 6 класының еденіне тақтай төселді. 

1959 жылы колхоз орталығынан шет жатқан мектеп үйін орталыққа келтіру үшін және класс бөлмелерінің жеткіліксіздігінен колхоздың көмегімен келешектегі мектеп үйінің ғимараты есебінде 8 бөлмелі мектеп үйі салынып, 3 ай ішінде аяқталды. Осы жылы ескі мектеп үйінен жаңа мектеп үйіне көшірілді. 

1960 жылы мектеп директоры Сейдалиев Рашбай ағайдың ауырып қалуына байланысты осы жылдың қыркүйек айынан бастап Бейсенбаев Орынбасар мектеп директоры болып жұмыс істеді.  Осы жылдары мектепте 131 оқушы білім алып, 15 мұғалім еңбек етті.

1962 жылы «Красная звезда» сегізжылдық мектебі болып ауыстырылып, колхоз кеңсесіне арнап салынған екі қабат үйін колхозшылардың жалпы жиналысының қаулысы бойынша мектеп үйіне берілді.  Осы жылдары мектепте 242 оқушы білім алып, 28 мұғалім қызмет етті.

1964 жылы мектеп директорлығына Қайырбеков Қуаныш ауыстырылды. Бұл жылдары мектеп жанына сарай салынып, оқушылардың, оқытушылардың көмегімен мектеп айналасына ағаштар отырғызылды. 

1965 жылы қыркүйек айынан бастап мектеп директоры болып Сәдібеков Мұса жұмыс істеді.

1968 жылы қыркүйек айынан бастап мектеп директоры болып Мұханбердиева Нілтай жұмыс атқарды. 

1969 жылы мектеп жанынан қосымша /үш бөлмелі/ класс бөлмелері салынды. Пионер, химия, биология, физика, кітапхана және асхана жұмыс істеді.

1971-1976 жылдары мектеп директоры болып Тлебаев Бейсенбай қызмет атқарды. 

1973 жылы мектеп Намазбай Ақшабаев атындағы сегізжылдық мектеп болып атанды. Осы жылдары 414 оқушы білім алып, 40 мұғалім жұмыс істеді. 

1976-1982 жылдары «Қазақ ССР-ның ағарту ісінің үздігі» Қуанышбаева Назым мектепте директорлық қызмет атқарды. Бұл уақытта оқушылар саны-581 болса, 54 мұғалім жұмыс істеді.

1988-1989 жылдары Мейрманова Алдан Алтайқызы қысқа мерзімде басшылық қызмет атқарса, 1989 жылы осы мектептің түлегі, тәрбие ісінің меңгерушісі, «Қазақ ССР-ның халық ағарту ісінің озық

 қызметкері» Нұрбаева Мадина Мұхаметқалиқызы мектеп директоры болып тағайындалды. 1993-1994 жылдары мектепте 684 оқушы білім алып, 63 мұғалім жұмыс істеген. 2004 жылы 9 ақпанда мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді. Осы уақытта мектепте 918 оқушы білім алып, 85 мұғалім қызмет атқарды.

2005-2008 жылдары Әбумәліков Ерлан Қанатбайұлы мектеп директоры болып қызмет атқарды. 

2009-2010 жылдары мектеп директоры болып Сәдірмекова Жібек Сағатбекқызы мектеп директоры болып жұмыс атқарды. 

2010-2012 жылдары мектеп директоры болып Сейдалиева Айсара Рашбайқызы жұмыс атқарды. 

2012-2017 жылдары мектеп директоры қызметін Бәйтен Қанатбек Әзімбайұлы атқарды 

          2017 жылы қаңтар айнада Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебіне қайта ауысып келіп, қазіргі таңда мектеп директоры қызметін   Сейдалиева Айсара Рашбайқызы қызмет атқаруда. Айсара Рашбайқызы тәрбие мен оқу ісін жүйелі жолға қойып, білім сапасының артуына үлес қосуда. 

          Намазбай Ақшабаев 1897 жылы Жамбыл облысы Әулие ата уезі, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Жасынан Әулие ата қаласындағы әскери горнизон бастығының бес жылдай атқосшысы болып жұмыс істеген. Намазбай өз бетінше қазақша-орысша сауатын ашты, екі тілде бірдей таза сөйлейтін болған. 1916 жылы Әулие ата уезіндегі көтеріліске қатысқан. Ұсталып, қолға түскен соң, сотталудан құтылу үшін майданның тылдағы қара жұмысына аттанды. Майданнан оралған соң Ташкенттегі Қызыл Әскер командирлерін дайындайтын қысқа мерзімді курсты оқып, Азамат соғысына қатысады. Намазбай Ақшабаев 1921 жылы (1924-1927) уездік атқару комитетінің басқарушы орынбасары болып тағайындалады. Ал, 1922 жылы Уездік комитетінің секретарлығына сайланады. Өзінің халқына арнаған ісінің белсендісі болып көрінген Намазбай Ақшабаев ВКП(Б) Әулие ата уездік комитетінің бақылау комиссиясының міндетін атқарушы болып тағайындалады. 1928 жылы Түркістан - Сібір темір жолын салуға қатысып, онда атқару жұмысын жүргізумен шұғылданады. Мәскеуде темір жол комиссариатының жанындағы курста оқып, Түрксіб басқармасы бастығының орынбасары, 1932 жылы сектор бастығы қызметін атқарады. 

1933 жылы Қазақ АКСР су шаруашылығы халық комисарының орынбасары, 1934-1935 жылдары Әулие ата МТС-нің директоры, 1935-1937 жылдары Әулие ата ауданы партия комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі болады. Осы қызметте жүргенде 1937 жылы жазықсыз жала жабылып, "Халық жауы" деп саяси-қуғын сүргінге ұшырайды. 1943 жылы тұтқында қайтыс болады (немесе ату жазасына кесілген).

СССР Жоғарғы соты әскери коллегиясының 1958 жылғы 27 қаңтардағы шешімі бойынша Намазбай Ақшабаев кінәсіз деп табылады. 

1973 жылдың 15 мамырында Жамбыл облыстық атқару комитетінің қаулысына сәйкес "Красная звезда" мектебі Намазбай Ақшабаев атындағы мектеп болып аталды. 

 

Похожие публикации: