08
октябрь
2021
"Ауыл жобасы" аясында тренинг өткізілді
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде "Ауыл мектебі" жобасы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлерінің қатысуымен тренинг пен зерттеу сабақтары өткізілді. Зерттеу сабақты ұйымдастыру, зерттеу сабақты бірлесе жоспарлаудың маңыздылығына тоқталды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Тұрсыналы, тарих пәнінің мұғалімі А.Төлегенова, химия пәнінің мұғалімі Р.Сарымамудовалар зерттеу сабақтарын өткізді. Зерттеу сабақтарының жағымды жақтары мен осал тұстары талданды. Бүгінгі іс шара алдағы уақытта зерттеу сабақтарын тиімді ұйымдастыруға негізі болатыны сөзсіз. Арнайы білгенімен бөлісіп келгені үшін Тараз қаласы ПШО әдіскерлері Турысбекова Насихат Мамбетбайқызы мен Айнур Журуноваларға алғысымызды білдіреміз.



