27
октябрь
2022
«Асыл сөздің зергері» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында XX ғасырдың ұлы суреткері, драматургі, көрнекті қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповке арналған «Асыл сөздің зергері» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу.
Іс-шараның міндеттері:
1.Көркем сөйлеуге баулу;
2.Тіл мәдениетін дамыту;
3.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру;
4.Жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамкершілік пен парасаттылыққа баулу;
Іс - шараны ұйымдастырғандар: Умбеталиева Маншук, Мақашева Ажар, Тасыбаева Раушан, Усипбекова Жұмакүл

