01
сентябрь
2020
Білім күні
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне орай "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Осы іс- шараға Байзақ аудандық дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы О.Ə.Сыдықбайұлы, Байзақ ауданы əкімдігінің білім бөлімінің əдіскері Ө.Э.Ағаділқызы, Қызыл жұлдыз ауылдық округінің əкімі Н.Ө.Əбдіжəлілұлы қатысып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге тілектерін білдірді.


