20
февраль
2020
Мектебімізде I аудандық "Baizakrobotiks" чемпионаты өткізілді.
2020 жылдың 20 ақпан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Намазбай Ақшабаев орта мектебінде I аудандық "Baizakrobotiks" чемпионаты өтті. Чемпионат 4 категория бойынша болды: Жобалар, үлкен саяхат, робо кросс, сумо. Ауданның робототехника кабинетімен жабдықталған 22 мектебінен 65-ке жуық оқушысы қатысты. Жобалар категориясы бойынша "Болашақтағы робокидс мектебі", "Мүгедектерге арналған пандус", "Автоматтандырылған көше жарығы" сияқты жобалар болса, "Үлкен саяхат" пен "робо кросс" категориясының бағдарламаларын оқушылар өздері құрастырған. Мектебімізден "ЖОБА" категориясы бойынша І дəрежелі дипломмен Аққос Айғаным, "BIG JOURNEY" категориясы бойынша ІІ дəрежелі дипломмен Тұрсынбек Нұрайдын марапатталды.



